Еуропалық кардиология қоғамының жүрек-қан тамырлары ауруларының фармакотерапиясы бойынша жұмыс тобы стенокардия симптомдары туралы хабардарлық күндерін жариялайды. с гордостью сообщает о проведении второй Недели повышения осведомленности о Қазақстандық кардиология қауымдастығы бұл бастаманы қолдайды. Стенокардия симптомдары туралы хабардар болу күндерінің мақсаты - бүкіл әлемде стенокардия диагнозын, емін және басқарылуын жақсарту. Біз барынша көп адам өз жүрегін түсінуді үйреніп, стенокардия түрлі адамдарда әртүрлі байқалатынын түсінгенін қалаймыз.

Кеудем ешқашан ауырмаған.
Мен тек бір жайсыздық
сезімде ғана жүрдім.

Тынысым тарылады.

Әлсіреймін. Қатты әлсіреймін.
Әлсірегенім соншалық,
жүре алмай қаламын

Бұл стенокардия нақты өмірде өзін қалай көрсете алатыны жайында келтірілген бірнеше мысал ғана.

Стенокардия – кеңінен таралған ауру; бірақ соңғы он жыл ішінде бейнесі қатты өзгерді. Қазіргі уақытта стенокардиямен ауыратын науқастардың көпшілігі табу қиынға соқтыратын атипиялық стенокардиядан зардап шегеді, нәтижесінде стенокардияны дәрігерлер әрдайым танымайды және пациенттер дұрыс ұғына бермейді.5,6 Егер денсаулық сақтау экономикасы туралы айтатын болсақ, стенокардия қоғам үшін үлкен ауыртпалықты білдіреді де, өмір сүру сапасына теріс әсер етеді, демек, ауруды диагностикалау мен бақылауды жетілдіру бойынша тұрақты әрі дәйекті жұмыс жүргізу қажет4.

Стенокардия симптомдары туралы хабардарлықты арттыру бойынша бастамамыздың көмегімен біз стенокардия белгілері, симптомдары, және қауіп факторлары туралы пациенттер мен денсаулық сақтау қызметкерлерін хабардар етудің жалпы деңгейін арттыруға ұмтыламыз.

Сервье компаниясы білім грантын бөле отырып, осы бастаманы қолдады.

КӨПТЕГЕН ПАЦИЕНТТЕР КЕУДЕДЕГІ ЖАЙСЫЗДЫҚ, ӘЛСІЗДІК ПЕН ШАРШАУ СИЯҚТЫ СИМПТОМДАРҒА БАЙЛАНЫСТЫ ДӘРІГЕРГЕ ЖОЛЫҚПАЙДЫ

2,7% ғана

cтенокардиямен ауыратын науқастардың 2,7% ғана
өз симптомдарын өздігінен сипаттайды

25% дейін

Стенокардия симптомдары ай сайын пайда болатын пациенттердің 25% дейін оларды кардиолог дәрігерімен талқыламайды

АДАМҒА ТҮСЕТІН СТЕНОКАРДИЯ АУЫРТПАЛЫҒЫ

x4 Күйзелістің даму қаупі 4 ЕСЕ жоғары4
x1.5 Еңбекке жарамдылықты мерзімінен бұрын жоғалту қаупі 1,5 ЕСЕ жоғары3
x3 Күйгелектік пен қорқу сезімінің қаупі 3 ЕСЕ жоғары 4
1 Berliner D et al. J Thorac Dis. 2018;10 (suppl 15):S1777-S1784.
2 Alexander KP et al. Interact J Med Res. 2016;5(2):e12.
3 Jespersen L et al. Eur Heart J. 2013;34:3294-3303.
4 Jespersen L et al Clin Res Cardiol. 2013;102(8):571-581.
5 Douglas PS et al. N Engl J Med. 2015;372: 1291-1300.
6 Qintar M et al. Eur Heart J Qual Care Clin Outcomes. 2016;2(3):208-214.
БІЗГЕ ҚОСЫЛЫҢЫЗ ДА, СТЕНОКОРДИЯНЫ БАҚЫЛАУДА ҰСТАҢЫЗ!