Гипертензия – жоғары артериялық қан қысымы.

Адамның артериялық қан қысымы жоғары болғанда, оның қан тамырлары, жүрек, бүйрек пен миы әрдайым жоғары жүктемеде болады. Нәтижесінде гипертензия жүрек-қан тамырлары аурулары мен инсульттің даму қаупін айтарлықтай арттыруы мүмкін. Гипертензияны тиісті емдеуді бастау үшін мүмкіндігінше ертерек диагностикалау керек.

АРТЕРИЯЛЫҚ ҚЫСЫМ ДЕГЕН НЕ

Жүрек – біздің бүкіл денемізді қанмен қамтамасыз етуге жауапты өте маңызды мүше. Жүректің арқасында оттегі және қоректік заттар ағзамыздың барлық мүшелері мен тіндеріне түседі. Бұл мүмкін болу үшін, жүрекке қанды денеге айдай отырып, көп күш жұмсау қажет болады.

АРТЕРИЯЛЫҚ ҚЫСЫМ – жүрек қанның артериялардағы айналымын қамтамасыз ету үшін жұмсайтын күші.

Әдетте, адамның артериялық қысымы екі санмен белгіленеді:

СИСТОЛАЛЫҚ

Артериялық қысым (сын. бағ. мм)

Артериялық қысымның жоғарғы көрсеткіші, ол жүрек қанды бүкіл денедегі артерияларға итерген кезде тіркеледі.

ДИАСТОЛАЛЫҚ

Артериялық қысым (сын. бағ. мм)

Жүрек бұлшықетінің кезекті жиырылу алдында босаңсуы сәтінде тіркелетін артериялық қысымның төменгі көрсеткіші.

Дені сау ересек адамның мінсіз артериялық қысымы сын.бағ. <120/80 мм рт. ст.
Сонымен қатар, артериялық қысым сынап бағанының сантиметрімен де өлшене алады: сын.бағ. 12/8 см

Б. Уильямс авторл. Европейский журнал сердца. 2018;39(33):3021-3104.

Артериялық қысымды қалай өлшейді?

Көптеген жағдайда артериялық қысымды емдеуші дәрігер немесе медбике өлшейді, мысалы, кезекті қабылдау барысында. Ол үшін олар сфигмоманометрді қолданады. Бұл қолдың жоғарғы бөлігіне киілетін үрлемелі манжетке қосылған қысым өлшейтін құрал (манометр). Дәрігер ауаны манжетке айдап, сол кезде ол қолды айтарлықтай қатты қысатынын сезесіз. Одан кейін ауа баяу шыға бастайды, сол кезде сіз манжеттен қолға түсетін қысымның босаңсығанын байқайсыз. Осыдан кейін артериялық қысымды манометрмен өлшеуге болады (сынап бағанының миллиметрінде [сын. бағ. мм]).

Сфигмоманометрдің екі түрі бар:

ҚОЛ

Дәрігер немесе медбике қол сорғысының көмегімен манжетке ауаны айдайды, содан кейін науқастың тамыр соғысын тыңдау үшін стетоскоптың көмегіне жүгінеді.

ЦИФРЛЫҚ

Манжет автоматты түрде үрленеді және босайды. Тамыр соғысы құралдың ішінде болатын датчиктің көмегімен анықталады.

Артериялық қысымды дұрыс өлшеу үшін оны өлшеуді бастағанға дейін кем дегенде бес минут демалыңыз, отырыңыз және осы емшара кезінде сөйлемеңіз.

Гипертензия деген не?

Артериялық қысым жоғары, қалыпты немесе төмен болуы мүмкін, бірақ уақыт өте келе және жас ұлғайғанда артериялық қысым көтеріледі. Неге? Ірі артериялардың қабырғалары қатты болады, ал ұсақ қан тамырлары тарылады. Осы өзгерістерге байланысты жүрекке қанды денеге айдай отырып, көп күш жұмсауға тура келеді, бұл артериялық қысымның көтерілуіне алып келеді. Гипертензия әрдайым сын. бағ.140/90 мм асатын артериялық қысым ретінде анықталады.

Менің көрсеткіштерім нені білдіреді?

Оңтайлы
қысым

систолалық < 120, диастолалық < 80

Қалыпты
қысым

систолалық 120-129 және/немесе
диастолалық 80-84

Барлығы дұрыс,
осы қалыптан таймаңыз!
Қалыпты қысымның жоғарғы шегі

систолалық 130-139 және/немесе
диастолалық 85-89

«Сізге артериялық қысымды жиірек тексеріп, салауатты өмір салты бойынша ұсыныстарды орындау қажет».

Гипертензия себептері қандай?

Гипертензияның екі түрі бар: бастапқы (немесе эссенциалдық гипертензия) және қайталама гипертензия.

Бастапқы гипертензия – нақты себебі жоқ жоғары артериялық қысым. Артериялық қысымның көтерілу қауіптерін арттыратын бірнеше деректерді сеніммен атауға болады:

Дене белсенділігінің жетіспеуі

Күйзеліс

Артық салмақ

Ішімдікке салыну

Тұзды артық мөлшерде тұтыну

Созылмалы шылым шегу

Кофеин

Қант

Қайталама гипертензия – анықтауға болатын (мысалы, бүйрек үсті безінің гормондарын шығарудағы ауытқулармен) себептермен туындаған жоғары артериялық қысым. Гипертензияның осы түрі кейбір пациенттерде кездеседі.

Себепті анықтап, тиісті емді қабылдағаннан кейін артериялық қысым қалыпқа келуі тиіс.