Қан қысымын қалай бақылауға алу керек

Гипертензияны бақылауға көмектесетін күнделікті шешімдер.

Гипертензия – бақылауға болатын ауру, бірақ ол үшін өз әдеттерін өзгертуге, дәрігерде бақылануға, оның нұсқауларын орындауға тура келеді.

Өмір салтын өзгертіңіз

Сіз қазірдің өзінде өмір салтын өзгерту арқылы жоғары қан қысымына айтарлықтай әсер ете аласыз. Төменде өміріңізге енгізуге қажет болатын аса маңызды өзгерістер сипатталған:

Тұрақты дене белсенділігі

Тұрақты дене жаттығулары – гипертензияны бақылаудың маңызды құрамдас бөлігі. Әрине, сіздің жағдайыңызға байланысты дене белсенділігінің аса қолайлы түрін анықтау үшін емдеуші дәрігеріңізбен кеңесу қажет. Кейде медициналық тексеруден өту қажет болады. Дене белсенділігі жүрегіңіз бен қан айланымы жүйесіне өте маңызды. Стандартты ұсыныс – күніне 30 минут дене белсенділігі, кем дегенде аптасына 5 күн.

30

күніне минут

Получите индивидуальные консультации по физическим нагрузкам:

Толығырақ MYBPMATTERS

Салмағыңызды қалыпқа келтіруге тырысыңыз

Егер сізде артық салмақ болса, жүрек-қан тамыр ауруларының, диабет пен жоғары қан қысымының жоғары қаупіне ұшырайсыз. Демек, қалыпты салмақ – гипертензиясы бар әрбір пациент талпынуы тиіс мақсат. Салмақты азайту гипертензияға қарсы емдеу әсерін күшейтеді.

Ұсынылатын салмақты өзіңіздің бойыңызға қарай формула бойынша есептей аласыз. Бұл формула дене салмағының индексін (ДСИ) анықтайды. Салмағыңызды (килограмм) бойыңыздың квадратына (метр) бөлсеңіз болғаны. Мінсіз ДСИ – 18,5 бастап 25 кг/м² дейін.

Дұрыс тамақтаныңыз

Қоректік заттардың құрамы жоғары үйлестірілген диета – жоғары қысымды сәтті бақылаудың негізгі құраушы бөлігінің бірі болып табылады. Ұсыныстарымызға жүгініңіз, сонда сіз дұрыс әрі салауатты тамақтануға оп-оңай өте аласыз:

  • 1 – Күніне кем дегенде жеміс пен көкөністің 5 порциясын жеңіз (300-400 г)
  • 2 – Жануар текті және өсімдік майларын (әсіресе жануар текті майларды, пальма майын) тұтынуды шектеңіз
  • 3 – Тұз тұтынуды шектеңіз
  • 4 – Майлы балықты көбірек жеңіз, аптасына 2-3 рет (албырт, сардиналар немесе макрель)

Получите индивидуальные консультации по физическим нагрузкам:

Толығырақ MYBPMATTERS

Босаңсуды үйреніңіз

Сізге жай ғана күйзелісті жеңуді үйрену керек! Күйзеліс қан қысымы мен жүрек соғу жиілігін арттыруы мүмкін. Одан басқа, күйзеліс ақыр соңында қан қысымының көтерілуіне алып келетін әдеттерді (мысалы, дұрыс тамақтанбау, дене белсенділігінің болмауы, шылым шегу немесе алкогольді асыра пайдалану) тудыруы мүмкін. Йога немесе тайчи сияқты босаңсыту техникасы күйзеліс деңгейін азайтуға көмектеседі, ал біздің қарапайым кеңестеріміз күнделікті өмірде күйзелісті бақылауға мүмкіндік береді!


Получите расслаблящим упражнения и советы:

Толығырақ MYBPMATTERS

Тұрақты бақылану

Үй жағдайында қан қысымының мониторингі өте маңызды және гипертензияны нәтижелі бақылауға септігін тигізеді.


ПОСЕТИТЬ MYBPMATTERS

Өзіңді қалай қорғау қажет?

Өзіңіздің қан қысымыңызды тиімді бақылау және жүрек пен қан тамырларын ұзақ уақыт қорғауды қамтамасыз ету үшін күнде антигипертензивті препараттарды қабылдау өте маңызды. Бірақ, дәріні уақтылы қабылдаудың жолы бола бермейді. Антигипертензивті препараттарды қабылдау, мысалы, тіс тазалау сияқты, әдеттегі күн тәртібінің бір бөлігі болуы мүмкін. Есіңізде болсын, гипертензия – жасырын ауру. Тіпті егер жағдайыңыздың өзгергенін сезбесеңіз, бұл емдеуді тоқтату керек дегенді білдірмейді!


Толығырақ MYBPMATTERS